«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығы кімге бұйырды?
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесінде Астанада ұлттық телевизиялық сыйлықтың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Биыл «Тұмар» бәйгесі сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Байқаудың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапалы дамуына ықпал ету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Qazsport» телеарнасына «Тұмар-2024» арнайы жұлдесін табыс етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Almaty» телеарнасына арнайы жүлде табыстады.
Сыйлықтың жеңімпаздарына «Тұмар» мүсіншесімен қатар, отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
«Тұмар-2024» сыйлығының иегерлері:
▪️Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» – «Алапат тасқын» – «Qazaqstan» телеарнасы
▪️Үздік журналистік зерттеу – «Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж» – «Atameken Business» телеарнасы
▪️Үздік aқпараттық бағдарлама – «Astana Times» жаңалықтар қызметі – «Astana TV» телеарнасы
▪️Үздік aналитикалық бағдарлама – «Жеті күн» – «Хабар» телеарнасы
▪️Үздік әлеуметтік жоба – «Құдайы қонақ» – «Qyzylorda» телеарнасы
▪️Үздік деректі фильм – «Шетелдегі қазақ балалары» – «Jibek Joly TV» телеарнасы
▪️Үздік телехикия – «Мошенники» – «НТК» телеарнасы
▪️Үздік өңірлік ток-шоу – «Ділмар» – «Жетісу» телеарнасы
▪️Үздік өңірлік телеарна – «ТДК-42» телеарнасы
▪️Балаларға арналған үздік бағдарлама – «АуылDone» – «Жетінші арна»
▪️Үздік тележурналист – Григорий Беденко – «Хабар» телеарнасы
▪️Үздік тележүргізуші – Мадина Балғабаева – «КТК» телеарнасы