KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да алимент төлемеген азаматтар құмар ойынға 100 млн теңге ақша салған

Фото: depositphotos.com

20.06.2024, 14:44 112 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға алимент төлемеген 75 әке құмар ойынға 100 млн теңге ақша салған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 алимент төлемеген әкнеің соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңге бергені анықталған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар онлайн ойындардан ерікті түрде бас тартып, өздеріне шектеу қойдырған.

Мысалы, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер онлайн ойынға 7 млн теңге ақшасын құртқан.

– Талдау нәтижелері бойынша оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше E-Gov мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуға тыйым салды, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілген. Сондай-ақ құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі бола алатындығын біле жүрген жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу