KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

22 мың жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды - ШҚО

10.12.2020, 12:04 349
Автокөлік иелері онлайн қызметтерді жиі ала бастады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, осы жылдың басынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шығысқазақстандықтар өз бетінше 45 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алған. Оның ішінде 23 мыңға жуық азамат автокөлікті қайта тіркеуден өткізсе, 22 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін онлайн өтініш беру арқылы ауыстырды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы ШҚО тұрғындары egov.kz портал арқылы 1566 автокөлікті қайта ресімдесе, 3 мың жүргізуші куәлігін электронды тәсілмен алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив