KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
477.04 520.78 5.37

Қазақстандық оқушылар IBO-2024 олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

13.07.2024, 22:00 102 Назерке Каримова

Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті.

Бірінші рет IBO осыдан 34 жыл бұрын алты елдің қатысуымен өткен болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Биыл Қазақстанда өткен олимпиадаға 81 мемлекеттен командалар жиналды. Бүгін олимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтті.

Ғани Бейсембаев барлық қатысушыларға және халықаралық ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді. Ол олимпиаданың жалпы білім саласының дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

-  IBO-2024 -  білімнің бәсекелестік алаңы ғана емес, ол ғылым саласында мемлекеттердің достығы мен ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететін халықаралық маңызды шара. Қазақстанда өткізген әрбір күн Сіздерге жарқын естелік сыйлап, алдағы уақытта ғылымның жаңа биік белестерін бағындыруға шабыт береді деп ойлаймын. Болашақта Сіздер орасан зор ғылыми жаңалықтар ашып, әлемнің ұлы ғалымдарының даңқты жолын жалғастырасыздар деп сенемін, -  деді Ғани Бейсембаев.


Атап өту керек, олимпиада қорытындысы бойынша Халықаралық комитеттің инпекторлары мен әділ қазылар IBO-2024 олимпиадасының ұйымдастырылуына жоғары баға берді, сондай-ақ қазақстандық жас ғалымдар әзірлеген олимпиада тапсырмаларының өзектілігі мен өзгешелігін атап көрсетті.

Бұл олимпиаданы өткізу үшін тынбай еңбек еткен ұйымдастыру комитеті үшін жоғары марапат болды.

Еліміздің құрамасы 100% медаль көрсеткішіне қол жеткізді, олар төрт қола медальды қанжығалады:

  • Ғалымжан Бақтыбай — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Амина Тынырбай — Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Нұртөре Төреханұлы — Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Диас Сүлейменов — Ақтөбе облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

International Biology Olympiad - оқушылар арасындағы ең мықты 7 олимпиаданың бірі.

Олимпиада күндері Қазақстан 81 елден келген 305 жас биолог пен 275 ғалымның тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бір апта бойы қатысушылар биохимия, молекулярлық биология, биоинформатика және жан-жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы бойынша екі теориялық, төрт практикалық турда сынға түсті. Барлық тапсырмаларды Қазақстанның жас биологтары әзірледі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив