KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 6 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

15.06.2024, 22:00 304 Назерке Каримова

Олардың арасында шығысқазақстандық оқушы да бар.

Қазақстан құрама командасы Авиценна атындағы халықаралық олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

9-14 маусым аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында биология пәнінен Авиценна атындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне өтті. Олимпиадада 18 елден 100-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан сегіз оқушы қатысып, 8 медаль ұтты. Қазақстандықтардың қоржынында төрт күміс, төрт қола медаль бар. Күміс алғандардың арасында Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Батыр Ержанұлы да бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу