KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Алтайдағы өрт: елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

5.09.2022, 16:56 137

Алтай ауданында өрт сөндірушілер тілсіз жауды тып-типыл етуге әлі де күш салып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дегенмен құтқарушылар елді мекендерге төнер қауіптің алдын алып үлгергенін айтуымыз керек.

Облыстық ТЖД таулы аймақтардағы жалынды сөндіру оңайға соқпай тұрғанын хабарлады. Арнайы техниканың дөңгелегі жете алмаған жерлерге МИ-8 тікұшағы «қанатымен» су сеуіп жатқан көрінеді.

Жалпы күреске 340-тан астам адам жұмылдырылды, 25 техника қозғалды. Оқиға орнында жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Қазіргі сәтте өрт шарпыған аумақ шамамен – 367 гектар. Соның ішінде 167 гектер – иен дала, 200 гектер – ауылдық округтің жері.

Мамандар аудандағы ахуалды космомониторингтің көмегімен бақылауда ұстап тұр.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив