Алтай ауданында орман өртімен күрес әлі жүріп жатыр
Өрттің алдын ала аумағы 400 гектарды құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кету керек, қызыл жалыннан елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Десе де, жоғарыдан тексеру мақсатында Қазавиаорманқорғау АН-2 ұшағы жұмылдырылған.
- Тілсіз жаумен күреске 300-ге жуық адам, 24 техника және суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. ШҚО ТЖД-да және өрт орнында жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді, -дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз