Облыс әкімі Катонқарағайдағы қалпына келтіріліп жатқан нысандарды аралап көрді
Катонқарағайға сапары барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев аудан орталығындағы бірқатар нысанда жүріп жатқан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен қайта дербес аудан атанған Катонқарағай өңірінің орталығында қазір құрылыс жұмыстары қызып тұр. Бұл әсіресе мемлекеттік органдарға қатысты. Бүгінде 26 жылдан кейін қайта аудан орталығы мәртебесіне ие болған Катонқарағай ауылында аудан әкімдігі, сот, прокуратура мен полиция бөлімінің ғимараттары қалпына келтірілуде. Нысандардағы жөндеу жұмыстары берісі қазан, арысы қараша айларында аяқталып, жаңа жылға дейін ғимараттар пайдалануға берілуі керек. Мұны нысандарды жеке-жеке аралап көрген аймақ басшысы да айтты.