KZ
Өскемен
+4°
ясно Штиль
515.03 584.82 6.24

ШҚО-ның жаңа аудандарындағы ғимараттар жөнделеді

Фото: Жангелді Саиндолда

13.12.2023, 19:30 280 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыстағы жаңа аудандардың болашақ әкімшілік орталықтарына барды.

 

Аймақ басшысы Марқакөлде жаңа ауданның мемлекеттік органдары орналастырылатын және жөндеуді қажет етіп тұрған ғимараттарды аралап көрді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Қазір пошта ғимаратын жөндеу жобасы дайын екен. Бұл ғимаратта халыққа тікелей қызмет көрсететін аудандық бөлімдер жұмыс істейтін болады. Сот ғимараты өткен жылдың жаз мезгілінен бастап қана пайдаланылмай келеді, сондықтан оны жөндеуге аса көп қаражат кетпейді.

 

Аудандық ішкі істер бөлімінің болашақ ғимараты да жаңартылмақ. Ермек Көшербаев бұл нысанды аралау кезінде полиция қызметкерлерімен бірге азаматтарды жоспардан тыс қабылдады. Жергілікті тұрғын мал ұрлауға қатысты мәселе көтерді. Өңір басшысы бұл басқа аудандарда да өзекті мәселе екенін айтып өтіп, оны шешуге мемлекеттік органдар мен құқыққорғау құрылымдары тартылатынын жеткізді. Бастысы – мәселені заңнама аясында шешу қажет.

 

Сонымен қатар аудан ақсақалдары аймақ басшылығының шалғайдағы ауыл тұрғындарының жағдайына назар аударып отырғанына алғыс білдірді. Олар Марқакөлдің білім саласына үлкен үміт артатындарын айтты.

 

Басқару жүйесін оңтайландыру мен оның тиімділігін арттырудан бөлек бұл жердегі өмір сүруді қолайлы ететін басқа да өзгерістер бар. Мысалы, шалғайда жатқан ауылдар мен аудан орталығының арасындағы қашықтық қысқарады, экономика жаңа қарқынмен дами түседі, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Катонқарағай ауданына да барып, осы секілді нысандарды аралап қайтты.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу