Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға бизнес бастау үшін 9 мың грант берілмек
pexels.com
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараты бойынша жыл басынан бері 8 941 грант беріліп қойған.
Оның ішінде ауыл тұрғындарына 5 769 грант берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл мал шаруашылығына – 2 331, өсімдік шаруашылығына – 101, құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 941, орын жайды жалға алуға – 143 қайтарымсыз гранттар берілді.
Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (5,4 мың), Қызылорда (3,3 мың), Жамбыл (3 мың) облыстары мен Шымкент қаласының (2,4 мың), ал ең аз саны Ұлытау (221) және Қостанай (490) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Келесі жылы да 9 мың грант беру көзделген.