Жарма ауданына әкім тағайындалды
Жарма ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Жарма ауданының әкімі қызметіне Жарқынбек Байсабыров тағайындалды.
Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы Үржар ауданы «Бірінші май» ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін аяқтаған. «Құрмет» орденінің иегері.
Еңбек жолын 1992 жылы «Калинин» кахлхозында бастаған.
1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы,
2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған.
2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
2017-2021 жылдары Абай ауданының әкімі болған.
2021 жылдан бері Бесқарағай ауданының әкімі болды.