Өскеменнің өз жәрмеңкесі өтеді
Облыс орталығында, әдеттегідей, сенбі күні азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тек бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының жанында өскемендік кәсіпкерлер өнім сатады. Ет, балық, күнбағыс майы, сүт өнімдері, бал мен көкөніс төмен бағада саудаланады.
Жәрмеңке 27 тамызда 8:00-де басталып кетеді.