Облыс орталығына Күршімнен жәрмеңке келеді
Сенбі күні облыс орталығына Күршім ауданынан жәрмеңке келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, әдеттегідей, «Freshmarket» фермерлік гастрономының жанында болады.
Шаруалар ауыл-ауылдан таза әрі арзан өнім әкеледі. Айталық ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал және көкөніс. Шығыс өңірінде брендке айналған Күршім қарбызы да бұл жәрмеңкенің көркін кіргізері сөзсіз.
Жәрмеңке 6 тамыз күні 8:00-де басталып кетеді.
Оқи отырыңыз