Дизель отынына қатысты шағым: жедел желі іске қосылды
Энергетика министрлігі мен жанар-жағармай құю станциялары желілерінде дизель отыны мәселесі бойынша азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған сенім телефоны іске қосылды.
Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ танымал мессенджерлерде қолжетімді болады.
Call-center:
· Қалалық: +7 (7172) 78-69-55
· Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31
· Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31
"Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заңбұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады. Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заңбұзушылықтардың барлық дерегі тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға беріледі.
Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан заңбұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы "жедел желіге" хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы "жедел желілер" бойынша қосымша деректерді ұсынды.
Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз:
· Call-center: 9911
· Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46
· Instagram: azs_qazaq_oil
Sinooil:
· Call-center: 8-800-070-01-80
· Instagram: sinooil.kz
Helios:
· Қолдау орталығы: 8-800-080-5444
· Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
· Instagram: helios_kz
· Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty
Газпромнефть:
· Call-center: 8-800-080-10-08
· Instagram: gazpromneft_kz