Әлем чемпионын әуежайдан күтіп алды – Өскемен

Италия астанасы Римде өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінген Дарын Әскербекті жерлестер әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
– Ең алдымен қолдау білдірген ата-анама, достарыма, туыс-туған, жақындарыма алғыс білдіргім келеді. Бұл үлкен жеңістерге жол ашқан жетістік деп білемін. Ірі халықаралық ареналарда көк байрағымызды желбіретсем деген арманым бар, – дейді спортшының өзі.
Жерлесіміз финалдық белдесудің оңайға соқпағанын айтты.
– АҚШ спортшысынан ұтылып жаттым. Уақыт сырғып өтіп, оның пайдасына жұмыс істей берді. Бір сәтке де тоқтамау керектігін түсіндім. Соңғы секундтарда ғана жеңісті жұлып алудың сәті түсті. Жалпы мұндай жағдай спортта жиі кездеседі. Еркін күрестің ерекшелігі де осында, – деді Дарын Әскербек.