KZ
Өскемен
-30°
плотный туман Штиль
511.18 530.6 5.28

№23 қаулы. Өскеменде қандай нысандардың жұмысы тоқтатылды?

28.10.2020, 08:19 94

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың 28 қазан сағат 00: 00-ден 11 қараша 00: 00-ге дейін шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты.  

Қаулыға сәйкес, 2.9 пункті бойынша облыс орталығы Өскемен қаласының әкіміне қаладағы бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне, қызмет көрсетуіне тыйым салды.

Атап айтқанда, театрлардың, музей, мәдени нысандардың, сондай-ақ фитнес-орталықтардың, спорт залдар мен спорт кешендерінің қызметіне тыйым салыну көзделген.

- Өскемен қаласының әкімі кинотеатр, монша, сауна, бассейн, театр, мәдени нысандар, кітапхана мен музейлер, фитнес және спорттық сауықтыру орталықтары мен спорттық кешендер, СПА орталық/салондар қызметіне тыйым салсын, - делінген №23 қаулы құжатында.

Айта кетейік, Өскемен қаласында арнайы мониторингтік топтар карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Өз кезегінде бұл іске тәртіп сақшыларыда жұмылдырылып, көшеде маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты  және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырып жүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу