KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскемен мен Семейде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын жаңа желі іске қосылады

26.10.2020, 14:02 125

Семей мен Өскемен қаласында ҚТҚ бөлек жинаудың инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша 2021 жылы жалпы өндірістік қуаты жылына 200 000 тонна ҚТҚ сұрыптайын екі жаңа қоқыс сұрыптау желісін іске қосудан басталады, деп хабарлайды «ӨКМ Операторы» баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта "Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері" операторы қажетті өндірістік жабдықтарды сатып алу рәсімін жүргізуде.  

- Жергілікті бюджеттің және қоқыс шығаратын ұйым қаражаты есебінен тамақ қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерді жаңарту, қабылдау пункттерін орнату және сұрыптау желісін орналастыруға арналған ғимарат салу жағы қарастырылады. Бұл кешенді жұмыс өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткішін ұлғайтуға, ҚТҚ-ны бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жергілікті атқарушы орган өз кезегінде қалдық өңдеу көлемін 2021 жылы 30%-ға дейін жеткізуді қолға алады, - дейді «ӨКМ Операторы» баспасөз қызметі. 

Аталған жобаны жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыс осы жылдың қараша айында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімі,  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі және ӨКМ Операторы қатыспақ. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив