KZ
Өскемен
-28°
туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Алтай ауданының ауруханасы жөнделіп жатыр – ШҚО

26.10.2020, 13:49 2 004

Алтай ауданының ауруханасы жөнделіп жатыр. Аталмыш медициналық мекеме 30 жыл бойы жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алтай әкімі Қалихан Байғонысов аудандық емханаға бас сұғып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

– Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Емхана жұмысы да бір сәт кідірген жоқ. Дәрігерлер науқастарды қабылдауды тоқтатпайды. Жөндеу жұмысының сапасына және межелі мерзімде аяқталуына көңіл бөлу керек. Мердігерлерге осыны баса айттым, – дейді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.

Айта кетейік, биыл Алтайдағы денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге «Парыз» қорынан қаржы бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу