KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Полицейлер мүгедек екі әйелді өрттен аман алып шықты – Өскемен

9.10.2020, 12:27 106

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарды өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін таңертең сағат 7:40 шамасында «102»-ге жер үй өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түседі. Тиісті мекенжайға жеткен «Қыран-36» экипажы дереу тұрғындарды құтқаруға кіріскен.

Өртеніп жатқан үйдің ішінен әйел адамның көмек сұрған дауысы естілді. Терезені сындырып, ішке кірдік. Әйел адамды сыртқа алып шыққанымызда, іште сіңлісі бар екенін айтты. Бұл кезде түтін қоюланып, үй одан сайын бықсып жана бастаған еді. Осы аралықта келіп жеткен құтқарушылар екінші адамды үйден алып шықты, – дейді алалық полиция басқармасының қызмет инспекторлары.

Әпкелі-сіңлілі екі тұрғын да мүмкіндігі шектеулі жандар санатынан. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Ал қызмет бабында қағылездік танытқан тәртіп сақшыларының есімі – полицияның қос аға лейтенанты Ғинаятов Мирхат және Қанат Қасымханов.         

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу