KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

21.03.2019, 08:34 135

 

Бүгін Өскемендегі Қабанбай батыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт 6-шы қабатта болған. Оқиға орнына шақыртудан кейін бірнеше минут ішінде жылдам жеткен өрт сөндірушілердің арнайы техникасына тұрғындардың аулаға қойып тастаған автокөліктері көп кедергі келтірген екен.  

 

6-шы қабатта отқа оранған пәтерден құтқарушылар ес-түссіз жатқан ер адам мен әйел адамды алып шықты. Жедел жәрдем жеткенге дейін «Апаттар медицинасы орталығының» бригадасы өкпені жасанды желдету арқылы, аман алып қалуға тырысқан. Алайда әйел адам көз жұмды. Ер адам жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Олардың аты-жөндері қазір анықталуда.

 

Бұл кезде өрт сөндірушілердің басқа буыны подъезден тұрғындарды құтқарумен айналысқан. 10 адам құтқарылып, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арасында екі әйел адам ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

 

Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрап отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив