KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Ең арзан шаштараз - Шығыста

16.11.2018, 10:22 210

Ұлттық Экономика министрлігінің статистика комитеті республика көлеміндегі ең арзан шаштараз Шығыста екендігін көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семейдің мамандары ханымдардың шашын 880 теңгеге сәндеп қиып берсе, ерлер үшін 786 теңге шамасында қаражат сұрайды.


Республика бойынша орта есеппен ерлердің шаш алдыру бағасы - 1173 теңге, ал әйелдердікі - 1767 теңге.


Өскемен қаласының бағасы дәл осы еліміздің орта есебімен тұстас келеді. Ерлер 1131 теңге, әйелдер 1552 теңге шамасында ақша жұмсайды. Бұл салыстырмалы түрде Астана, Көкшетау, Ақтау шаһарларынан арзан.


Республикада шаштаразы ең қымбат қала - Алматы. Сенесіз бе, ерлер үшін - 2760 теңге, әйелдер үшін 4321 теңге қаражат керек екен.


Статистика комитетінің статистикасына сенсек, шаштараз бағасы бір жылда 7,1 пайызға өскен. Ал тырнақ сәндеуші мамандардың қызметі 6,1 пайызға қымбаттаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив