KZ
Өскемен
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

1-курс студенттері алғашқы шәкіртақыны қазанда алады

pexels.com

Бүгін, 19:00 71 Назерке Каримова

Медициналық жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері қазан айында бірден екі айдың стипендиясын алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Қаржы орталығы" АҚ ақпаратына сүйеніп.

- 2024-2025 оқу жылының 1-семестрінің 1-курсында білім алушыларға ағымдағы жылдың қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылады, - деп хабарлады "Қаржы орталығы" АҚ. - Сондай-ақ, жаңадан түскен медициналық жоғары оқу орындарының 1-курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленбек. Төлемдер айдың аяғында (қазанда) жүргізілетін болады.   


   

Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив