KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскеменде бес жасар қыз балабақшадан қашып кеткен

15.08.2018, 09:44 143

Кеше бес жасар қыз 30 гвардиялық дивизия көшесінде бірнеше сағат жалғыз жүрген екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оны байқаған азамат дереу 102-ге қоңыраулаған. Бала өзінің қайда жүргенін білмеген. Қайда тұратынын да, ата-анасының да аты-жөнін айта алмаған. Бірақ тәртіп сақшыларының іздестіруімен баланың ата-анасы табылды.


Айта кетейік, осы іске байланысты «бұл бала балабақшадан қашып шығуы мүмкін» деген де пікірлер айтылуда.


– Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балабақшадағы тәрбиешісіне де ресми хат жолданды. Балабақшадан кеткен-кетпегендігі анықталуда, – деді Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив