KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қарағайлы өлкеде Бірлік күні ерекше тойланды

2.05.2018, 08:16 147

Бесқарағайлықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін ұлттар шеруімен атап өтті. Бұл жолғы мейрам жылдағыдан қарағанда ауқымды деңгейде өткізіліп, сахналық қойылымдармен ерекшеленді. Мерекелік думан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.


Бесқарағайдың орталық алаңына халық көптеп жиналып, мерекелік жиын сан алуан ұлттар мен ұлыстардың салтанатты шеруінен басталды. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлі тағамдары әзірленіп, одан кез-келген адам дәм татты. Ал аудандық өнерпаздардың сахналық көріністері мен концерттік нөмірлері ешкімде бейжай қалдырмады. Қарағайлы өңірде мәдениет саласы оң жолға қойылған. Жергілікті өнер саңлақтары, түрлі облыстық әрі республикалық байқаулардың жүлдегерлері.


[su_slider source="media: 30557,30558,30560,30554,30559,30561,30556"]


«Рухани жаңғыру» аясында Бірлік күні «Тұмарай» этно-ансамблі көпшілікке таныстырылды. Бұл ұжымды құрудағы негізгі мақсат – ұмыт болған ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, сондай-ақ, қазақтың халық әндерін насихаттау. Кимешек киген абзал жандардың өнері жиналғандарды сүйсінтіп, зор қошеметке бөлентті.


Аудан әкімі Дәулет Батырбаев, бесқарағайлықтарды айтулы күнмен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Осы ретте аудандық Достық үйінде алты этномәдени бірлестік жұмыс жасайтынын айта кету керек. Тұтастай алғанда, Бесқарағай өңірінде 30-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив