KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Семейліктер Ұлыстың ұлы күні тайқазанда әзірленген тағамдардан дәм татты

21.03.2013, 18:00 312


Семей қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті. Қала әкімі Айбек Кәрімов, ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейліктер Ұлыстың ұлы күні тайқазанда әзірленген тағамдардан дәм таттыСемейліктер Ұлыстың ұлы күні тайқазанда әзірленген тағамдардан дәм татты

Арнайы Наурыз мейрамына орай Орталық алаңға тайқазан орналастырылған болатын. Мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз, палау және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Сонымен қатар, Орталық алаңда қаланың үздік әртістері, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт және театрландырылған мерекелік көрініс ұйымдастырылды. Балалалар алтыбақан теуіп, картинг жүргізіп, құлан («пони») жегілген арбаға отырды.

Семейліктер Ұлыстың ұлы күні тайқазанда әзірленген тағамдардан дәм таттыСемейліктер Ұлыстың ұлы күні тайқазанда әзірленген тағамдардан дәм татты

Қолөнер шеберлері бұйымдарының сатылымы мен көрмесі ұйымдастырылды. Орнатылған алаңдарда қалалықтар ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындарға қатысып, спортшылардың өнерлерін тамашалай алды.
Қаланың Орталық алаңында 30 шақты киіз үй тігілді. Қазылар алқасы тігілген киіз үйлер арасында үздіктерін анықтады. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, қалалық білім бөлімі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымдары құрған киіз үйлер үздік деп танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгін кешке семейліктерді мерекелік эстрадалық концерт пен отшашу күтеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив