KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

«Өндіріс» индустриальды аймағының болашағы зор

5.02.2018, 03:55 197

Қазіргі уақытта облыста үш  индустриальды аймақ бар. Семейге келген сапарында облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің қаулысымен құрылған «Өндіріс» индустриальды  дамыту аймағына арнайы атбасын бұрып, одан соң «КХ Игеру» ЖШС-інде болған еді.  Бұнда пойыздарға қажетті тежеуіш қалыптарды және жылжымалы кұрамдарды өндіреді. Жер учаскесінің ауданы-0,682 га. Облыстағы осындай  ірі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының біразы Семейде орналасқан. Жалпы, «Өндіріс» индустриальды аймақтың болашағы зор.«Ақылды технологиялар» аймақтағы агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу өнеркәсібін дамытуға жол ашпақ. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысындағы «Өңдіріс» индустриалық аймағында ет комбинатын және ұсақтау-сұрыптау кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл Семейдегі «Өндіріс» индустриальды аймағының 100 пайыз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.


Қазіргі уақытта Семей қаласындағы «Өңдіріс» индустриалық аймағында үш жоба жұмыс істеп тұр,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен,-бұл – көбік-бетон бұйымдарын өндіру, жылжымалы құрам үшін тежегіш платформаларды шығаратын «КХ Игеру» және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы шикізатқа айналдыру бойынша жұмыстар. Сондай-ақ тағы да екі жобаны жүзеге асыру көзделген, олар ұнтақтау және сұрыптау кешенін салу, ет өңдеу зауытын құру.


[su_slider source="media: 23249,23250,23251,23252,23253,23254,23255"]


«AGROPORTAL» жобасы инвестициялық болып табылады. Соған сәйкес, инвесторға 55 гектар жер телімі беріледі. Облыс басшысының айтуынша, кешеннің құрылысын ирандық компанияның қатысуымен жүзеге асыру жоспарланып отыр.


- Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды дамытуға ерекше назар аудару қажет,-дейді облыс әкімі Даниал Ахметов,-Семей қаласының өнеркәсіптік аймақтарын толығымен толтыратын «AGROPORTAL» ЖШС компаниясының жобасына ерекше назар аудару қажет. Біздің аймақ Бизнестің жол картасы бойынша қажетті инфрақұрылымды жасау үшін бар күш-жігерін салады.  «AGROPORTAL» компаниясы 1,5 млрд. теңгеге техникаға тапсырыс берді.  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Біздің өңірді экспорт бойынша жетекші орынға жеткізетін мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісі. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілетін болады.

Ет комбинатын шикізатпен қамтамасыз ету үшін биыл 29,5 мың тонна ірі қараның еті, 13,4 мың тоннадай қой мен ешкі еті белгіленген. Ал 2021 жылға дейін ірі қара етінің өндірісі - 33,9 мың тонна, қой мен ешкі еті - 15,4 мың тонна көлемінде болуы керек. Сонымен бірге, ұйымның жоспарлы талаптары 24 мың тоннаны құрайды, яғни өндірілген еттің көлемі салынып жатқан ет комбинатының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.


Осылайша, «Өңдіріс» индустриалық аймағы 100 пайыз жұмыс істейтінін атап өту керек, дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.  Семейде орналасқан «Өңдіріс» индустриалық аймағынан басқа Өскемендегі «Өркен-КШТ» мен Машиностроителей көшесінде тағыда екі өндірістік аймақ бар, бұлардың барлығы да ел экономикасының өркендеуіне қарышты үлес қоспақ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив