KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Техникалық ақауы бар вагондарды пайдаланған

2.07.2014, 18:00 217



Көлік прокуратурасы жүргізген жоспарлы тексеру нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жылжымалы құрамды желіге шығарғаны туралы дерек анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құзырлы органның хабарлауынша, бұзушылықтардың дені теміржол өткелдерін техникалық пайдалану ережесін сақтамаумен байланысты болған. Жол белгілері мен белгі бағандары нормаға сәйкес келмеген. Теміржол өткелдеріндегі және оның сыртындағы жол жабыны қанағаттанарлық жағдайда ұсталмаған.

Қадағалаушы орган өкілдері анықталған ескертулер жойылғанға дейін 15 арнайы жылжымалы құрамның пайдаланылуы уақытша тоқтатылатынын айтады.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» компаниясы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің басшылығына прокуратура тарапынан тиісті ұйғарым жолданған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив