KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО өзендердің су деңгейінің көтерілуі қауіп-қатер төндірмейді

22.04.2013, 18:00 262


Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ШҚО өзендердің су деңгейінің көтеріліп келе жатқанына алаңдаулы. Бірақ бұл тараптан еш қауіп-қатер күтпеуге болады. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мәлімдейді.

2013 жылдың 22 сәуіріне қатысты айтар болсақ, облыста су басу қаупі жоқ, жағдай тұрақты. Тұрғын үйлер мен өзге нысандарды су шаю жағдайлары тіркелмеген. Ірі өзендердегі су деңгейі қауіпті емес. Белсенді маусымға барша гидротехникалық ғимараттарда бақылау посттары орналастырылып, жауапты тұлғалар бекітілген.

«Қазгидромет» РГП мәліметтеріне қарағанда, ШҚО бойынша Шығыс Қазақстан облысы өзендерінің бассейндеріндегі қар қорының жинақталуы туралы былай дейді: Бұқтырма мен Тұрғысын өзендері мен олардың тармақтарындағы қар қоры мөлшерден 64 пайызға артық. Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім өзендерінің суағар қалыптастыру аймақтары қар күніндегі су қоры нормадан 57 пайызға артық.

Үлбі, Үбі өзендері мен олардың тармақтарының суағар қалыптастыру аймағы оңтүстік баурайында нормадан 71 пайызға артық, солтүстік баурайында орта есеппен 55 пайызға артық.
Бұл дегеніміз, өзендердегі су деңгейі қауіпті емес деген сөз.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив