KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ

14.08.2013, 18:00 204


Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының мәліметтері бойынша Бұқтырма, Қалжыр, Үлбі, Уба таулы өзендерінің су деңгейлерінің көтерілуі мамыр-маусым айларында тіркеліпті.

14-тамыздағы деректер бойынша, Қара Ертістің су деңгейі 307 см құрайды, қауіпті шек-525 см, Күршім-235 см, қауіпті шегі – 525см, Оба өзенінің деңгейі -215 см, қауіпті шегі- 430см және Шар өзенінің деңгейі 228 см аспаған, қауіпті шегі-490 см құрайды.

Аймақтағы сулардың деңгейлері 40 гидропост арқылы анықталып отырады. Жалпы алғанда сулардың деңгейлері қауіпті шектерге жеткен жағдай тіркелмеген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив