KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Облыстың бірқатар шаруа қожалықтары жаңа жобаларды қолға алды

19.03.2013, 18:00 117


Биыл Бесқарағай ауданының Баскөл ауылдық округіндегі кәсіпкерлер жаңа жобаларын жүзеге асыруға кірісіп кетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Бернгардт» шаруа қожалығы Ново-Николаевка ауылында мал сою алаңын, «Айгерім» шаруа қожалығы ауыл шаруашылық техникаларын және автокөліктерді жөндеу стансасын, «Толқын» шаруа қожалығы тоңазытатын қондырғылы мал сою алаңын салуды, «Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 орынға лайықталған сиыр қорасын қайта қалпына келтіруді қолға алды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды сезінген кәсіпкерлер өткен жылы да шаруашылықтарын өркендетіп, игілікті істерді тындырды. Баскөл ауылында «Айжана» шаруа қожалығы мал сою алаңын салса, «Бернгардт» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген 7,2 млн. теңге несиеге 37 бас сиыр және екі бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында шаштараз, жүргізуші, газбен дәнекерлеуші мамандықтарын округте алты адам игеріп, өздеріне нәпақа берер еңбек орындарын тапты.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив