ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында Шығыс Қазақстандағы танымал ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығымен(Өскемен) бірлескен көрме ашылды. „Сұлулық пен нәзіктік„ деп аталған көрме, біздің қаламыздың нәзік жандарына арналған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Сұлулық пен нәзіктік әйел затының ажырамас құрамдас бөлігі іспеттес қасиеттер. Көз тартарлық сүйкімділік, жан мен тәннің үйлесімдігі, әр уақытта да қалаулы болуға тырысу – біздің замандас қыз-келіншектерге тән.
Өскемен мұражайының қызметкерлері семейліктерге әйелдердің әсем ұлттық костюмының жиынтығын және зергерлік бұйымдар әкелді. Ал, Невзоровтар мұражайы қазіргі заман әйелінің жан сұлулығын және оның әлемінің қырларын көрсететін графика өнерінің шығармаларымен көрермендерді қуантты. Көрермендерге ұсынылған 100-ден астам жәдігерлер бір ғасырдан астам уақытты қамтиды.
Олар келушілерге тек өрнектердің әдемілігі, түстердің сиқырлары мен зергерлік әшекейлердің семантикасымен масаттанып қоймай, сонымен бiрге, әйел затының қазiргi замандағы орны туралы ойлануға да мүмкiндiк бередi.