KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ер Төстік балғындарды шақырады

22.01.2013, 18:00 222


Бородулиха ауданы Красный яр ауылында «Ер Төстік» шағын орталығы ашылды. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бородулиха ауданының әкімі Григорий Иосифович Акулов барлық тұрғындарды шағын орталықтың ашылуымен құттықтап, шағын орталыққа облыс әкімінің атынан плазмалық телевизор, музыкалық орталық және караоке тарту етті.

Шағын орталық Бородулиха ауданы маслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, «Красный Яр шаруа қожалығы» ЖС басшысы С.Н.Быковтың демеушілігімен ашылып отыр. Ол өзіне тиесілі ғимаратқа он екі миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, 25 балаға арналған шағын орталық ашу үшін Красный Яр орта мектебіне тегін берген болатын.

Аудан бюджетінен жиһаздар мен керекті құрал-жабдықтар сатып алу үшін бір миллион жеті жүз мың тенге бөлінді, 2013 жылы шағын орталықты күтіп ұстау үшін үш миллион тоғыз жүз мың тенге бөлінді.

Ауыл тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрайымы К.М.Вахитова және ата-аналар атынан О.В.Бельская алғыс сөз айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив