KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өнерлерін «Караоке-керемет» байқауында сынап көрді

28.12.2012, 18:00 281


Семейде қаланың балалар үйлері мен интернаттарының тәрбиеленушілері үшін «Караоке-керемет» байқауы» акциясы өтті.

Оны ұйымдастырушылар «Аңсар» қайырымдылық қоры мен қалалық ішкі саясат бөлімі.

-Акцияның мақсаты балалардың шығармашылық дарынын ашу, балалар мекемелері өкілдері арасында рухани, мәдени және достық қатынастарды нығайту, музыка мен ән өнеріне баулу, патриоттық, халықтық әндерді насихаттау, - дейді байқаудың ұйымдастырушысы Дидар Рамазанова.

Байқау барысында қатысушылар патриоттық, халықтық әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында қатысушылар сыйлықтар мен дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Мәлімет көзі: Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив