KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Риддер қаласының жылу және электр қуатымен қамтамасыз етілуі нашар деген ақпарат үстіртін болып шықты

28.12.2012, 18:00 92



Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Риддер қаласында болғанда жақында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі таратқан"Риддер қаласының жұртшылығы жылумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілмеуде" деген ақпараттың жалған екеніне көз жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен қаланың екінші және төртінші деп аталатын екі шағын ауданын және Тишин кенішін жылумен қамтып тұрған «Л-ТВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Мекеме басшысы Александр Попов облыс Әкіміне қазіргі кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. Көмірдің қоры алдағы екі айдан астам уақытқа артығымен жетеді. Айта кетерлігі, мұндағы көмір жоғары сапалылығымен ерекшеленетін Қарағандының Шұбаркөл кен орнынан жеткізілген. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Бүгінде кәсіпорынның алты қазандығының екеуі жұмыс істесе, қалған төртеуі резервте тұр. Сонымен бірге жылу берушілер кеншілермен біріге отырып, соңғы жылдарда құралдарды да жаңалаумен белсенді айналысуда. Осыған дейін тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар келіп түспеген, коммуналдық қызметке төлемдер де уақытында төленіп отыр.

Облыс Әкімі қазандық жұмысшыларымен әңгіме өткізіп, жұмыс барысын сұрады. Олардың арасында нәзік жандылар да көп екендігі байқалады. Солардың бірі Александра Коваленко өңір басшысына мұндағы жұмыстың ерекшеліктерін айтып берді. Ал қазандық басшысы инвестиция тарту жөніндегі жоспарларын баяндады.

Облыс басшысы жылу беруші мекеме басшылығына тек тарифті көтеріп, тұрғындар есебінен ғана күн көрмей, өз тарапынан да қаржы құюды қарастыруы керектігін айтты. Сонымен бірге заң аясында жергілікті билік тарапынан да тиісті қолдаулар көрсетілетін болады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив