KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Риддерде дәрігерлер науқастарды жоғары қабатқа өздері көтеріп шығарып жүр

28.12.2012, 18:00 142


Риддер қалалық ауруханасы акушерлік-гинекологиялық бөлімінде лифті істемейді. Дәрігерлер науқастарды жоғары қабатқа өздері көтеріп шығарып, әлекке түсуде. Мұндағы лифтілер әбден тозығы жетіп, іске жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Ғимараттың жылумен қаматамасыз етілуі де мәз емес. Баспалдақ жанындағы терезелер дұрыс қымталмаған, батареялардағы жылу болар-болмас қана. Қосымша электрмен қамту да қарастырылмапты.

– Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Кенеттен апатты жағдай орын алып, электр жарығы ажырап қалса, науқастарға қалай ота жасайсыздар? Шамның жарығымен бе? Сіздер 19-шы ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ғой, – деді облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев аурухана басшылығын сын тезіне алып.

– Мен сіздердің жағдайларыңызбен танысу үшін әдейі келіп тұрмын. Қараша, желтоқсан айларына жалақыларыңызды толықтай алдыңыздар ма? – деп сұрады аймақ басшысы дәрігерлерден.

Дәрігерлер жалақыларын уақытында алғандарын жеткізді. Облыс Әкімінің айтуынша, аурухана жұмысын тәртіпке келтіру қажет. Жаңа бас дәрігер тағайындалып, қордаланған мәселелер шешімін табатын болады. Аурухананы жөндеуге өткен жылдары қомақты қаржы бөлінгенімен нақты нәтиже байқалмайды.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив