KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Бір тәулік қар тұтқынында қалған 5 адам аман-есен табылды

27.12.2012, 18:00 135


Тарбағатай ауданында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тарбағатай ауданында 26-желтоқсанда Нива және КамАЗ көліктерімен Құмкөл ауылынан Оспан қыстағына (аудан орталығынан 95 шақырым) аттанған 5 адам діттеген жерге келмегенде, олардың туыстары дабыл қаққан. Олармен байланыс үзілгенін айтқан.

27-желтоқсанда дабыл түсе сала іздеу жұмыстарын бастаған құтқарушылар (5 адам) мен жергілікті әкімшіліктің 3 адамы зардап шегушілерді 28-желтоқсанда 01.00 сағатта қыстаққа 30 шақырым қалған жерде тапқан. Көліктер қар құрсауында қалыпты.

Жолаушылардың барлығы аман-есен Оспан қыстағына жеткізілді.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив