KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қар тұтқынынан 38 сағаттан кейін ғана құтқарылды

22.12.2012, 18:00 157


«Үшарал-Достық» тас жолында қар құрсауында қалған «Газель» автокөлігі 38 сағаттан кейін ғана құтқарылды. Көліктегі ұш адам да дін аман, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

«21-желтоқсан күні таңғы 8.30 кезінде Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке «Үшарал-Достық» тас жолындағы Ырғайты асуында қарға батып қалған «Газель» автокөлігінен көмек сұраған дабыл түсті. Алайда ауа райының өте қолайсыздығынан оқиға орнына ешқандай техника жақындай алмады. Зардап шегушілерге көмекке әскерилердің ауыр техникасы да тартылғанымен, олар да ұйытқыған бораннан ұзаққа кете алмады. Тек 38 сағаттан соң ғана Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқарушылары мен 22 әскери бөлімге тиесілі 2 «КамАЗ» көлігі зардап шегушілерге жетті. » делінген хабарламада.

Қар тұтқынында қалғандардың бақытына орай, автокөлік ұялы байланыс ұстайтын жерге барып батқан. Соның арқасында құтқарушылар 38 сағат бойы олармен байланысып отырған.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив