KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде боран бірнеше оқу орындарының төбелерін жұлып әкетті

27.12.2012, 18:00 218


Семей қаласында 26-желтоқсанда орын алған төтенше жағдайдың салдарынан бірнеше оқу орындары ғимараттарының төбелерін жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің мәліметіне сүйеніп.


Қалада 20-25 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел индустралды-техникалық колледжінің, 42 орта мектептің шатырларын (S=1285 шаршы метр профлист) жұлып әкетті.

Сондай-ақ төбелеріне зақым келген білім ошақтарының ішінде Чемокан орта мектебі (S=100 шаршы метр шифер), Знамен орта мектебі (S=179 шаршы метр профлист), Жарқын орта мектебі ( S=30 шаршы метр шифер), Прииртыш орта мектебі (S=1200 шаршы метр жұмсақ жабын, S=700 шаршы метр ағаш тор) бар.

Дауыл желден келген шығынның көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив