KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Президенттің жаңажылдық шырша мерекесі Өскеменде өтті

26.12.2012, 18:00 298


Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Президентінің атынан балаларға арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Президенттің өз аузынан құттықтау сөзді тыңдау үшін облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 9-13 жас аралығындағы 200 бала жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл балалар кілең оқу озаттары, арасында жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасынан немесе көпбалалы отбасынан шыққан жеткіншектер де бар.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен бейнежолдау арқылы құттықтады. Бұл құттықтауды облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ облыстың әр түкпірінен жиналған балалармен бірге тамашалады.
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен бейнежолдау арқылы құттықтады. Бұл құттықтауды облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ облыстың әр түкпірінен жиналған балалармен бірге тамашалады.

– Қымбатты балалар! Бүгін байтақ еліміздің барлық өңірлерінде өнегелі балалар жаңажылдық шыршаның айналасына жиналды. Жаңа жыл – ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мен сендерді, сендер арқылы барша қазақстандық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Тәуелсіздік арқылы біздің ұлы Отанымыз жылдан-жылға өркендей түсуде. Қазір дүниежүзі Қазақ елін құрметтейді. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Ата-аналарыңды қуантыңдар, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар! Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалуда. Барлық өңірлерде жаңа мектептер салынуда, интеллектуалды мектептердің қатары арта түсуде. Сендер мектеп бітіргеннен соң жақсы білім алуларың үшін Астанада халықаралық деңгейдегі университет аштық. «Өнерлі өрге жүзеді» деген дана халық. Өнер –білімнің кені. Өркенді елдің кені болыңдар. Айналасын алтын арайға бөлеген жасыл шырша – базарлы балалықтың белгісі. Шырайын бермейтін осы шыршадай жайнап өсе беріңдер! Болашақтарың баянды болсын! – деді Мемлекет басшысы.

Балалар облыс орталығына екі күн бұрын жетіпті. Қақаған аязға қарамай алып-ұшып келген сәби көңілдердің көтеріле түсуі үшін алғашқы күні өз орталарында түрлі шаралар өткізіп, бір-бірімен та-нысуға мүмкіндік берсе, екінші күні Жамбыл атындағы облыстық драма театрында балаларға арналған жаңажылдық мультфильмді тамашалатыпты.

Енді міне, кішкентай қонақтарды үшінші күні үлкен салтанатпен қарсы алып жатыр. Металлургтер мәдениет сарайының кіреберісі-нен көрермендер залына дейінгі аралықтың барлығын жасыл шыршамен қоршап, түрлі-түсті шырақтар орнатқан. Жарқ-жұрқ еткен шырақтар арасында өз қалауынша билеп жүрген риясыз көңілдердің жарқын жүзін аңғару қиын емес. Бір-бірін айнала билеген балалармен бірге әсем безендірілген үлкен шырша да айналып тұр. Шараның шырайын әспеттей түскен мерекелік концерт еді. Әсем ән мен әдемі биге қосылған оқушылар нағыз бақытты шақты бастан өткізді. Ал шаттықты шараның соңын ала балалар суретке түсіп, мерекелік дастарқанға отырып, тәтті тағамдарға бас қойды. Ерекше құрметке бөленген балалардың әрқайсысына ноутбук пен кітаптар, жаңажылдық тәтті толы дорбалар табысталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив