KZ
Өскемен
-39°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Табиғатпен сырласу – Марқакөл

31.10.2020, 20:45 162

Жандүниесі сұлулыққа құштар болып жаратылған адам баласы әрқашан табиғатпен сырласуды ұнатады, жарық әлемнің көз тоймас сұлулығына сүйсінгісі келеді. Табиғаттағы таңғажайып түстерге боялған, әсем гүлдерге оранған өмір бағында тіршілік етуді армандайды.

Шығыс Қазақстандағы өзінің керемет пейзаждарымен ерекшеленетін, таңғажайып әдемі орын - Марқакөл көлі.

Бұл мекеннің қысы өте қатал, ал жаз мезгілдері әрдайым жылы әрі қолайлы.

Көлдің аясында әр адам сұлулықтан рухани нәр алып, оның шырайынан көңілі шынайы шаттанады. Сұлу Марқаның таңғажайып көрінісі адамның өмірге деген сүйіспеншілігін арттырады, көңілін көктем күйге бөлейтін нәзік сезімдерді оятады.

Марқакөл көліне сапар өзінің табиғи сұлулығының көптеген ұмытылмас естеліктерін қалдырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу