KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Өскемен: Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде



4.04.2024, 17:22 333 0 ALTAINEWS

Облыс орталығында су басу қаупі бар аймақтардағы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін «Amanat» партиясы, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалы Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп Согра кентінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде қала бойынша су басу қаупі бар 11 учаске бар. Құтқарушылар осы уақытқа дейін әлеуметтік желі арқылыда ауладағы арықтарды тазартып, қар шығару жұмыстарын жүргізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

- Бүгін ерекше акция ұйымдастырып, тұрғындарға жадынамалар тараттық. Су басу қаупі туындаған жағдайда тұрғындардың «Дабыл чемоданы» дайын болуы керек. Оның ішінде медициналық заттар, құжаттар, ақша, ауыз су, бірнеше күндік тағам, консервілер және керек-жарақтар (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) болуы тиіс. Сондай-ақ барлық заттар су өтпейтін сөмкеге салынған жөн, - деп атап өтті Өскемен қаласының ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Аталмыш акцияға 100-ге жуық ерікті жиналыпты. «Amanat» партиясының ШҚОФ төрағасы Сайрангүл Жұмаділова жергілкті депутаттардың да бұл жұмыстарға белсене араласып жатқанын атап өтті.

- Қазір еліміздің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланып жатыр. Өңірімізде табиғи апаттың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізіп, барымызды салып жатырмыз. Бұл жұмыстар «Amanat» партиясының басты бақылауында. Айта кету керек, жергілікті депутаттар тек Өскемен қаласында ғана емес, облыстағы барлық аудандар мен қалаларды аралып, қауіпті аймақтарды анықтау үстінде, - деп атап өтті ол.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив