KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Кәсіпорын қызметкерлері 80 қап құс азығын ұрлаған

21.07.2022, 11:22 189

Ұлан ауданының полиция қызметкерлері «Өскемен-Алматы» тас жолында құжаттарды тексеру мақсатында облыс орталығының 46 жастағы тұрғынының басқаруындағы көлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері автокөліктің корпусынан тиісті құжаттарсыз тасымалдаған 80 қап жем тапқан.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың маусым айының соңында бір топ адамдардың Ұлан ауданындағы ЖШС бірінің гаражынан 800 000 теңгеден астам сомаға құс азығын ұрлағанын анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Аталған ЖШС-нің 36-дан 43 жасқа дейінгі 4 қызметкерінің қылмысқа қатыстылығы анықталды. 

Белгілі болғандай, олар жүргізуші арқылы жемді шығаруға шешім қабылдаған.
Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 - бабының 2-бөлігі-ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив