Резеткіге қойылған ұялы телефоннан өрт шықты – Өскемен
Сәуірдің 18-і күні түн ортасында облыс орталығындағы Чернов көшесінде өрт шықты.
Құтқарушылар келген уақытта екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында жиһаздың ағаш конструкциялары, терезе-есік блоктары, жеке заттар жанып жатқан. Қауіпсіздік мақсатында №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 6 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер жоқ.
Жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрайтын өрт толығымен сөндірілді. Өрттің себебі – электр жабдығын авариялық режімде пайдалану.
- Пәтер иесінің айтуынша, ол үйден шығып бара жатып ұялы телефонын резеткіге қосулы қалдырып кеткен. Қайтып оралған кезде өрт шыққан, - деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.