KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

ҚР СІМ Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді

depositphotos.com

14.01.2026, 16:45 144 Базарова Айгүл

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бағыт алған мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Министрліктің хабарлауынша, биыл 13 қаңтарда үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасалған. Осыған байланысты қазақстандық тарап бірқатар Еуропа елінің елшілерімен шұғыл кездесулер өткізіп, сондай-ақ АҚШ және өзге де шетелдік серіктестермен байланыс орнатқан.

Келіссөздер барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

«Қазақстан Республикасының қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы болып табылмайтынын, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтеміз. Осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетеміз», – деді Ерлан Жетібаев.

Сыртқы істер министрлігі соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысына төнетін қауіптердің артқанын көрсететінін атап өтіп, серіктес елдерді алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен шаралар әзірлеуге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу