Үнзила Шапақ: «Roblox сияқты онлайн-платформаларда педофилдер мен алаяқтар емін-еркін әрекет етіп жүр»
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ балалардың онлайн ойын платформаларындағы қауіпсіздігіне қатысты дабыл қақты. Ол Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке депутаттық сауал жолдап, кәмелетке толмағандардың ашық онлайн-платформаларды пайдалануын шектеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Депутаттың айтуынша, Roblox секілді ашық онлайн ойын алаңдары қылмыстық ниеті бар тұлғалар үшін «ыңғайлы ортаға» айналып отыр. Онда педофилдер мен алаяқтар балаларды виртуалды чат арқылы оңай торға түсіреді.
Халық қалаулысы онлайн oйын платформаларындағы бақылаудың әлсіздігін атап өтіп, балалардың цифрлық қауіпсіздігін күшейтуді, сондай-ақ ата-аналар мен мемлекет жауапкершілігін нақтылауды талап етті.
Фото: «AMANAT» партиясы