KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Депутаттар ішімдікті тыю тетіктерін күшейтуді ұсынды

14.01.2026, 16:30 129 Төлеуғазы Жансая

Мәжіліс депутаттары елдегі алкоголь өнімдерінің айналымына қатаң талап қою мәселесін көтерді. Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қылмыстың басым бөлігі алкогольдің әсерінен жасалады. Елдегі кісі өлтіру, зорлау, бұзақылық, жол апаты мен отбасылық зорлық-зомбылық сияқты қайғылы жағдайларының көпшілігі ащы судың салдарынан болады. Бұл қоғам үшін аса қауіпті үрдіске айналып отыр.

Осыған байланысты халық қалаулысы дүкендерде алкогольді сағат 20:00-ден кейін сатуға, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ден кейін беруге тыйым салуды ұсынды. 

Сондай-ақ, алкогольді онлайн сатуға тыйым салу, балалар мекемелерінен 100 метр радиуста сатпау және сауда орындарының санын шектеу қажет екені айтылды.

Заңсыз айналымды азайту үшін алкоголь өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізу ұсынылды. Бұл шаралар қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге көмектеседі деп есептеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу