Полицейлер ұрланған мал етін саудалау фактілерін тексеріп жүр - ШҚО
28 қаңтардан бастап криминалдық полиция бөлімі учаскелік инспекторларымен бірлесіп ұрланған малдың өнімін сатып алу фактілерін анықтау мақсатында Өскемен қаласы бойынша ет өнімдерін өткізу орындарында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары базарлар мен павильондарды аралап, 12 ет өткізу орны, 42 ет өнімін тасымалдайтын автокөліктері тексерді. Осылайша ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 2 заңбұзушылықты анықталды (ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны үшін).
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ет өнімдерінің иелері мен сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.