KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жезөкшелікпен айналысқан 5 притон анықталды

7.12.2021, 15:35 397

Облыс аумағында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Оның негізгі мақсаты - жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың жолын кесу, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтау және оларды орталықтандырылған есепке қою.

Шара барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексерді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікке жол берілгендігі анықталды.

- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады, енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 факті анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Профилактикалық есепке 17 адам қойылды, оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша - 3 адам, «жезөкше» санаты бойынша - 14 адам.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу