Полицейлер пәтер тонаушылардың қыр соңына түсті – Өскемен
Өскемен полицейлері пәтер тонаушыларды бақылауды күшейтпек. Ұрлықтың алдын алу үшін үш күндік жедел іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен қаласының полиция басқармасы «Пәтер» жедел-алдын алу шарасын бастады. Тәртіп сақшылары мүлікті сатып алу және сату орындарын тексеріп, ұрланған заттарды анықтайды. Сондай-ақ пәтерлерді аралап, тұрғындарға сақтық жөнінде ескерту жасайды.
Алдын алу іс-шарасы кеше басталды, 29 шілдеге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз