Өзгенің атынан несие рәсімдеген екі алаяқ ұсталды - Өскемен
Өскемен қаласының полиция басқармасының Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны жүгініп, одан екі жігіт қарызға 310 мың теңге қаражат алып, қаланың техника және электроника дүкендерінің бірінде оның атына несиеге ұялы телефон ресімдегенін мәлімдеген. Жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар облыс орталығының 21 және 19 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеу амалдары барысында қос күдікті кінәсін мойындады.
- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.